Дауылдан туған – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Дауылдан туған» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 657
(Николай Островскийге)

Ол дауылда туды да,
Дауылда қақты қанатты.
Сескене ме дауылдан
Дауылдай күшті талапты.
Бетке сабап балауса
Қанатымен дауылды.
Сынса да қанат сыр бермей
Демеді ол ауырды.
Шырқап шығып биікке
Төкті сөздің нөсерін,
Сеніп осы нөсерден
Гүл-бәйшешек өсерін.
Төңкерілген аспанға
Сырлы алтын ошақтай.
Дауылды нөсер артынан,
Шағылған күнге қосақтай.
Поэзия кегінде
Жайнады сұлу сөздері.
Мәңгі меруерт сөзіндей,
Өзі бірақ төзбеді.
Сынған қанат, суыққа
Шалынған жүрек ақынды
Жеңді. Оны жер-ана
«Кел, ұлым!» деп шақырды.
Ет жүрек ере алмады,
Жер-ана оны бөледі,
Жас қабірін жайнатты
Жайнаған сөздің веногі.

1934


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Дауылдан туған өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Дауылдан туған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Дауылдан туған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Дауылдан туған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері