Берлин алынды – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Берлин алынды» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 1
  • 0
  • 2665
Көз жасын көлдей қылған талай елдің,
Сан жетпес жүректерге қайғы-шердің
Уын төккен,
Ордасы — жылан, шаян,—
Фашизмнен тазарды бүгін Берлин.
Қан ішкіш, қыртысымен жер жалмағыш
Тажалды жойған шақта жұртты арбағыш
Советтік теңдесі жоқ Армияға
Шаттықпен барлық халық айтты алғыс.
Бүгін дүние аузында бір ғана сөз:
Жер жүзін қанды саздан аршуға тез,
Уа, жеңісте теңі жоқ Совет ері,
Қалдығын фашистердің өлтіре ез!
Жер шары фашизмнен тазаруда,
Соғыстың қуанышын, азабын да
Бір керіп туысқан ел қатарында
Мақтанам, жүргеніне қазағым да!

1945


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері