Қарындаштың тұқылы
Бұл бетте «Қарындаштың тұқылы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қырық тиындық бұл қызыл қарындаштың
Ұшы кезді сансыз мың жолдың астын.
Кей жерлерін мақұлдап, кейбір жерді,
Деп сызады «бұл тұста жаза бастың».
Кітаптан, қолжазбадан мыңдар жолды
Бойлай жортып, кең шарлап оңды-солды,
Шау болған қарт қырандай, тобан аяқ
Таусылып, міне бұл да тұқыл болды.
Тоздырмақ заман ұшы, жүзі барды.
Талай суып, талайлар қызуланды.
Бұл да солай өзгеріп, тек, жасаған
Белгісін көрсететін ізі қалды.
1948
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі