Домбыраға – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Домбыраға» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 801
Көп күннен серік болдым қасыңа мен.
Қарамай, сәби-бала жасыма мен,
Күндіздер түгіл, талай түндерде де.
Айырылмай, жастап жүрдім басыма мен.
Баладай, алғаш білген әліп-биді,
Қалтырап шек пернеңе қолым тиді.
Ақырда сауаттанып сол сабақтан,
Тартатын болдым талай ән мен күйді.
Мол екен ол ән-күйлер таусылмайтын,
Қазақтың өмірінен қаусырмайтын
Жоқ екен оқиғасы, бәрі ғажап,
Денені балқытатын, жан шыңдайтын.
Сыртыңнан бір көрмеге жобалғысын,
Еліңнің сөйлеп кетсең бергі-арғысын,
Арнасы алдыңдағы кеңи берген,
Тасыған долы өзендей бар ағысың.
Түбі жоқ сүңгіп көрсем тереңіңнің,
Гранит қаттылығы — кемеріңнің,
Ақырын үніңменен сан сырларды,
Ойларды толқытатын бере білдің.
Ұмытылып жатыр талай білгір, көсем,
Ұмытылып жатыр сөзден талай шешен.
Бал татып тілін, әр кез, жылдан-жылға
Көркейіп келатырсың сен-ақ есен.
Беріксің бұлжымайтын, сен тас ірге,
Жетіксің ел қолданған бар дәстүрге,
Бұрынғы жалғыздығың артта қалып,
Топталған, айналдың сен оркестрге.
Көбейді кәзір сенін, туыстарың,
Бірікті мызғымастай тұрмыстарын,.
Көп достың мархабатты қоршауында,
Қолыңа сен қазақтық ту ұстадың.
Бір түсті, әр жолақты бізде ту кеп,
«Ғажайып — десек бәрін — гүлден букет,-
Қырымның қызғалдағы сияқтанып,
Тұра бер, кен даламды күймен бүркеп.

1965


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Домбыраға өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Домбыраға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Домбыраға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Домбыраға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері