Өлең, жыр, ақындар

IV —Теңіздегі тыныс

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 319
1. КУРОРТ
Бір жаңалық боп қалды: өмірде, мен,
Курортта тыныстауды көңілге, мен,
Алмай-ақ жүрген шақта, келе ғаппын
«Гагра» аталатын өңірге, мен!..
Бұл — Кавказдың батысы, теңіз — жары.
Қара теңіз қайқайып кетеді әрі.
Бойында неше тамшы суы болса,
Деседі, соның бәрі, дертке дәрі.
Ал, Кавказ ше?.. Уа, Кавказ, кәрі Кавказ!..
Игілік атаулының бәрі, Кавказ,
Тұнып тұр ән бойында, сондықтан да,
Ең кемі — жүз жасайды әрбір абхаз!..
Абхаздан тәнім кем бе, жаным кем бе?
Келемін тепе-тең боп өсіп мен де.
Советтік ұлы отанда барлық ұлтқа
Жер мен су түгел ортақ, алған дем де.
Кавказға, өзгелермен, мен де ортақ.
«Курортсыз жоқ — деседі — бұнда алқап».
Жүз мыңдап жыл тәулігі үзілместен
Жатады еңбекшілер келіп, тарқап.
Бәрі де рахатта дем алады.
Ылғалы бар адамдар оңалады...
Менің де мүмкіндігім бола-тұра,
Бір рет келмеуіме кім нанады?!.
Нанбауға жібере ме қатал факты?
Жұмыспен «ойға шапты... қырға шапты...»
Боп жүріп, алпыс жастан асқанынша,
Курортқа қол «бар болғыр» тимей қашы!..
Енді ше?.. Әлі көп іс, бастан асқан.
Еңбексіз тұрған емен бала жастан.
Әйтсе де, жоқтығына сенім берік
Советке қозғалар жер, құлар аспан.
Миллиондап, отан ұл мен қыз өсірді.
Бұл іске мен де қостым үлесімді...
Білімі, қайраты мол қалын, жасқа,
Неге мен ар көремін ілесуді?
Ризамын жастың аяқ алысына.
Ризамын нелер ғажап табысына...
Дегенмен «егде тарттым», сол жастармен
Әзірмін өлең-жырда жарысуға.
Бәйге алған талай рет тарлан-кәрі,
Ойы бар, талайлардан озуда әлі...
Жас жетіп дене өлгенмен, өлең-жырға
Мәңгілік өлмейтұғын таптым дәрі.
Жырымды өл-өлгенше айтқан шырқап,
Ұстайтын ешбір күш жоқ байлап, қымтап.
Даусымды бостандықшыл қайда барса
Тыңдайды мейірлене барлық ұрпақ.
Қалмаған шақтар кез боп, аз-ақ өліп,
Рахатты орнатысқан, азап көріп,
Терінде коммунизм жырлаймын мен,
Өзімдік кескінім бар — қазақ болып.
Басталса бақыт тапқан ел сауығы,
Біріксе адамзаттың барша үні,
Тұрармын бас дауыстың бірі болып,
Шырқалса халықтардың ансамблі.
Бітірді Ленин маған сондай ырыс,
Балқымас еш қызуға болдым құрыш.
«Ендеше, ара-тұра курортта да,
Дем алып тыныққан да,— деймін — дұрыс»

2. ТЕҢІЗ
Теңіз де санасы бар секілді адам,
«Көрсетем кереметтер, қара маған!» —
Дегендей, жалтырайды кейбір сәтте,
Айнадай, бейне, кіршік жоламаған.
Батар күн, атар таңның бар бояуы
Теңізге дәл өзіндей таралады.
Бойына суға сүңги жан кіргендей,
Бояудың бүлкілдейді бар аумағы.
Алтын күн, көкке биік көтеріле,
Кең теңіз көкпеңбек боп кетеді де,
Жаға жақ қырқалары көмкеріліп,
Құрайды жасыл жібек етегіне.
Күмісті мөлтілдеген, судай сұйық,
Тұрғандай әлдекімдер көктен құйып,
Қасқалап күн сәулесі теңіз бетін,
Жалтылдап жарқырайды ақ тұңғиық.
Ал, түнде, толыққан ай биіктей кеп,
Сәулесі ертегілік киіттей боп,
Теңіздің бойын өрлей, жүзеді еркін,
Қорқпайтын бейне «Моби-Диіктей» боп.
Ал, кейде, еш себепсіз тулай қалып,
Сүзгілеп жарқабақты зіркіл қағып,
Толқындар дөңбекшіген кен, теңіздің
Өн бойын жал-жал болып кетеді алып.
Тыңдамай қайыруды үрке қашқан,
Ақ қойдай миллиондаған, жан таласқан,
Жарысқан ақ көбіктер шетсіз-шексіз,
Тулаған кең теңіздің бетін басқан.
Мол неме, бір туласа басыла алмай,
Тығылған тау ішінде қасы бардай,
Ұмтылып өршелене, кернейді ыза,
Ақ көбік басын жардан асыра алмай.
Тулай бер, білем сенін, шамаңды, мен.
Өткемін талай тіліп шараңды, мен.
Сен түгіл, сенен үлкен ағаң түгіл,
Мұхиттай көргем әке-бабаңды, мен.
Көргемін жуасын да, асауын да,
Көргемін күштісін де, осалын да.
Дәндеген екен олар ертеректе,
Кезігіп тез берілер босан, ұлға.
Көрмеген қиындықтан бетім қайтып,
Жүздім мен, мұхиттарда талай айқын.
Жеңбеді жеңіл-желпі дауыл түгіл,
Ен, қатты сұрапылы, дейтін «тайфун».
Болған соң астымдағы кемем берік
Тайсалмай ешбір судан, түстім сеніп.
Қаншама туласа да қаһарланып,
Ешбір су ала алған жоқ мені жеңіп.
Судан да күш, айламды, асырдым мен.
Сондықтан да, еркінсіп басындым мен.
Өзен, теңіз, мұхитты кезіп жүріп,
Олардан артығырақ тасындым мен.
Тасынбай не, жер түгіл су да мендік.
Оның да бойын өрлей жүзем кергіп,
Советтен айналайын, қазақты да
Өсірген жер мен суға түгел тең ғып!
Емес пе, теңдігіме осы белгі:
Сумен де көріп қайтам қажет елді,
Теңіз бенен мұхитта кейде жүзіп,
Кей кезде жағасында алам демді.

3. ТАУ
Таудың да мінезі көп құбылмалы...
Мұнда тау,— жайнаған жаз түрінде әлі.
Мысалы: апельсин мен мандариннің
Келеді жаңа толып шырын-балы.
Жоталар түрлі тусті батсайысын
Киініп, шоқылар да ақ шәйісін
Бүркеніп, өзендер де су бұрқана
Ағады у-шу қылып көп сай ішін.
Жарқырай қалған кейбір тымық күнде,
Кетеді көріктеніп таулар мүлде...
Желпіте бет-пердесін алады дем,
Сұлудай ғашық болған әлдекімге.
Үзгендей кешке қарай жардан күдер,
Шалысын алмастырып басына ілер,
Түтіндеп қара сұр бұлт шоқыларда,
«Аһ ұрып» күрсінеді қатты бірер.
Сонан соң қара сұр бұлт жылжып темен,
Ысқыра жел-дауыл да айтып өлең,
Құйғанда нөсер жауын, өзге түгіл
Бүрсеңдеп теңселеді кедр, емен.
Деместен декабрьды қыстың айы,
Аспанның жарқ-жұрқ етіп найзағайы,
Асфальтті кеше бойы өткел бермей,
Толады тасқын суға таудың сайы.
Кеткенде ойға, қырға топан қаптап,
Далаға шықпақ түгіл аяқты аттап,—
Жатқандай аспан қирап, жәй ұрғанда,
Шыдайсың үйде зорға «құдай сақтап».
Дауылы таудың, бірақ, «жын» сияқты,
Ілезде басылып ол, түн-шуақты
Басыңа бүркейді әкеп, сансыз жұлдыз
Жаққандай әр пендеге мың шырақты.
Боз сәуле себілгенмен толған айдан,
Ақ жарқын күн нұрындай болсын қайдан!..
Ауғанмен түн ортасы, кейбір кезде,
Кетеді ұйқы қашып, келген ойдан:
Мен талай самолетке мініп ұштым.
Бір сәтте Қазыбек пен Эльбрустің
Ақ басын аттай жүйткіп, үш сағатта,
Екеуін бірдей көрдім жаз бен қыстың.
Оралдың орап ұштым үстін талай,
Төменде қалды талай Памир, Алай.
Тяньшаннің ақсақалы Хан-Тәңірі,
Сан рет «бұның кім?!..» деп қалды қарай.
Дейтұғын «жер шарының дулығасы» —
Тибетте Эберестің сүйір басы
Шұлғыды маған қарап, беріп сәлем,
Жәндігі, өсімдігі, тауы-тасы.
Мен өмірде көргем жоқ альпинист боп,
Сонда да барлық тауды билеп-төстеп,
Басынан өттім аттап «күн», «түн» демей,
Уақыттан «мынау ерте», «мынау кеш» деп.
Қай жаққа ойласам да барарымды,
Есіме алам Юрий Гагаринді.
Баламмен жасып одан, кім біліпті,
Жорықта бойымды іркіп қаларымды.
Таңдансақ ертегіде самұрыққа,
Советтік ракетадан қорқып бұқпан,
Одан да шырқап биік Марс жаққа
Көшетін, мен де еремін, еремін жұртта.

4. АДАМ
Адамның денесінде, беті қызық:
Бар жанды сапқа түгел қойсан, тізіп,
Біріне дәл ұқсайтын біреуі жоқ,
Әлдекім жасағандай жеке сызып.
Дегенмен, тұқымдар бар, рулар бар.
Соларға бөлінеді жан қыруар.
Жобасы бір-біріне ағайындас
Өңдер бар, бет-бейне бар, мұрындар бар.
Бәйгіге қосса ұлттар мұрын қорын,—
Кішісін, орташасын және — зорын
Сапырса, кавказдықтар дүниеде,
Менімше, алар еді бірінші орын.
Көлденен, кей мұрынға тұрсаң қарап,
Дөңестей кен, жазықты кеткен орап,
«Тең келмес, дәл осыған,— деп ойлайсың,—
Ең зор мұрын — Сирано де Бержарак».
Мәселе емес, бірақ, кескін, түсте.
Айласы адамзаттың жатады іште.
Ен, жақын адамдарды біліп болу,
Түседі кейбір шақта ауыр күшке.
Дегенмен, іш те, тыс та бейне — металл.
Болғанмен, кейі жұмсақ, кейі қатал,
Қалыпқа қыбын тауып құя білсең,
Ойыңа алған түрде тас боп қатар.
Баласы кей қоғамның, дейтін «тағы»,
Таныса білім алып дүнияны,
Меңгеріп ғылымды да, өнерді де,
Мейлі «кім» десең «сол» бола алады.
Ал, біреу теріс жаққа бұрса бетін,—
Асауын аңнан артық, адам етін,
Көрдік біз фашистерден, миллиондаған
Жан өліп, қалды сонша жесір-жетім.
Маркс пенен Лениннен алған үлгі,
Бақытқа елді бастап тура жүрді.
Кездескен жол бойында от пен суға,
Бел байлап тәуекелге батыл кірді.
Қиратып қажымастан қиындықты,
Күресшіл, ерте біліп, жиын жұртты,
Биіктеп коммунизм асқарына,
Жылдан-жыл жаңа өрге үйін тікті.
Кавказ да осы көштің ортасында.
Советтік туыс елдер бар қасында.
Жауықпай жақынмен де, алыспен де,
Достасты ленинизм арқасында.
Біткен соң ала көңіл, арам-қастық,
Бірлігін бекіткен соң мәңгі тас қып,
Үйіне кіре қалсаң, мейман көріп,
Тосады тәтті шарап, майлы шашлық.
Болғанмен, менен өзге: бет пен мұрны,
Екеуміз бола қалып теңдес құрбы,
Азырақ қызған кезде, ол — абхазша,
Мен — қазақша ағыттық өлең-жырды.
Дауысқа жинала қап көрші-көлем,
Әр адам ез тілінде айтады елең.
Қалтқысы жоқ, «алды» я «артқысы» жоқ,
«Адамдық — осы емес пе,— достық» деген.
Түрі бөлек болғанмен, адам бір тек.
Бар адамнан іштегісі кетсе, кір, тек
Бәрін тұтас қосқанда, мыңдаған түс,
Буып қойған болмай ма, ғажап букет.

5. ТЫНЫШТЫҚ
Денеге бермек қуат алған тыныс.
Бітірер одан кейін, тұр көп жұмыс.
Соларды тағы еңсеріп тастау үшін,
Тілейсің, «болса екен — деп — дүние тыныш».
Қауымдар коммунизм жасап жатқан,
Бұлақтай ағыл-тегіл таудан аққан,
Тындырып істеп істі, қаулай өсті,
Еңбектің майданында дабыл қаққан.
Көбейіп коммунистік бригада,
Жаңарып ойда-қырда, ауыл-қала,
Қазынасы жер астының ақтарылып,
Жайқалған егістікке тұнды дала.
Көбейіп барлық жерде бақша, мектеп.
Еш бала бұл бақыттан қалмай шеттеп,
Еңбекқор ата-анасы ұл, қызына
Қарайды қуанышпен «тез, ер жет!» деп.
Барғанда ғылым да кен, ашып есік
Асылын білімдердің алды көсіп,
Еңбектің қай түрінде жүрсе де адам,
Рахатта тұруына жетті несіп.
Отаны өскеннен соң солай шалқып,
Күннен күн қуанышты сезімі артып,
Көркем ой иелері, бай өмірден,
Хажетті бояуларын алды қалқып.
Әр дайым дәл осылай бола берсе,
Еңбекке ие адамда түсе ме еңсе?
Тек қана тілегі оның —«соғыс құрып,
Адамды аңдық емес, ақыл жеңсе!»
Ана жыл соғыс қаупі лапылдай ғап,
Кубаны Құрама Штат тақымдай қап,
Қанжарын бүйіріне тақағанда,
Адамзат үрейленді «апырайлап».
Соғысы болса атом, су тегінің,
Көмір ғып миллиондардың өрт өмірін,
Ысрапыл сор үруге таяу қалды,
Басталып «заман ақыры» ертегінің...
Жаманға айналғанда осылай іс.
Үрейлі адамзаттан қашқанда түс,
Сыдырып жер қыртысын жұтатұғын
Тажалды тоқтатты, тек советтік күш.
Уа, совет, айналайын қуатыңнан!..
Сенсін, де қараңғыда тан, атырған.
Сенсің де шығарып күн, жайнатып жаз,
Қандырған шөлдегенді суатыңнан.
Ең алғаш тырнауыш пен айырыңды
Қолға ап, білмей жаудан тайынуды,
Октябрь күндерінде жеңіп шықтың,
«Жүзітіп ерге қарай қайығыңды».
Кірісіп іске батыл еркін еңбек
Талай шөл ұлан-байтақ кетті көл боп.
Қанағыш дүниені басып озып,
«Ен, мықты» дегеніне тұрсын, тең боп.
«Тең» емес, күш жағынан асып тұрсын.
Кеудесін талай «ердің» басып тұрсын.
Алда да молайта бер күш-қуатты,
Қорқақ жау бұдан жаман сасып тұрсын.
Ісіңнің мен болайын мақтаушысы.
Еңбекші бар адамзат — жақтаушысы.
Себебі — оның және жер-ананың,
Апаттан сен ғанасын, сақтаушысы.

6. САУЫҚ
Еңбекші адамзатқа ең, зор ана —
Москва, мені туған көріп бала,
Дәм жазып келген сайын, жан жайланып,
Көремін рахатын мейірім қана.
Сағынам көргенімше, жырақтасам,
Егерде келіп, аз күн тұрақтасам,—
Кіреді жан-тәніме жаңа қуат,
Лениннің басқан жерін бір аттасам.
Таусылып көргенімше, тағы тезім,
Балалық, ен бойымды билеп сезім,
Келгенде Гаградан МХАТ маған,
Лениннің сахнада көрсетті өзін.
Алдыңа, көркемөнер, иемін бас!
Смирнов бола қалды Ленин — рас!..
Дегенде — «өлді Ленин», шын өмірдей,
Аққанын аңғармаппын көзімнен жас.
Қарамай, мейірімнің қануына,
Москва, мен тоймаймын сауығыңа!
Қызықтан-қызығына шүйгіп жүріп,
Осында кез геп қалдым ауылыма!..
Оқушым, дей көрмеңдер мұны «түсім».
Аралап Москваның кей көшесін
Жүргенде, Кремльдің нақ терінде,
Қазақтың жаңа ауылын көрдім шын.
Съездің кіріп едім сарайына,
Таңданып қарай қалдым маңайыма.
Бар қазақ: арғы-бергі осында жүр,
Біржаны, Құрманғазы, Абайы да!..
Ұқсаған түрлі түсті гүл бақшаға,
Сәнденген сахнада кіл жас қана,
Қылтиып европаша киініпті,
Ішінде Нұрмұқан мен Олжас қана.
Қазақтық өнердің бар жүйелері,
Оларды көрсететін иелері.
Сахнаға топталғанда, үй шатыры
Болмаса, төбем көкке тиер еді.
Кен, залға көзді тіксем — тұнған бастар,
Бос жер жоқ арасында ине тастар!..
Сыртта да билет сұрап шұбырып жүр,
Әр түсті, әр жынысты кәрі-жастар.
Есебін болар емес адам өлшеп.
«Құмартқан сауықты біз жылдам көрсек»
Дегендей, тұнған халық қол соққанда,
Қазандық шымылдығын ашты концерт.
Keп мұнда «қазақ» атты барлық ұрпақ,
Тартқанда күй, айтқанда әнді шырқап,
Тамаша бұл өнерге қайран қалған
Шапалақ тасқын судай кетті бұрқап.
Тын болды тыңдағандар сүттей ұйып.
Ән-күйден құлағына, тек бал құйып
Жан шөлі қанған халық, концерт біте,
Кең залдан кетпей қойды көзі қиып.
Қол соққан, кезімді алмай, қалын, көптен
Қарасам, келіпті бар континенттен.
Емес пе, бұның аты, жер шарына
Қазақтың ән-күйінің даңқы кеткен?..
Уа, қазақ, жылдан-жылға гүлде, қазақ.
Кәзір де кеттің керден мүлде, қазақ.
Жазында коммунизм, шаттық жырын
Шырқа сен, басқа елдермен бірге, қазақ.

7. АҚЫН
По Маяковскому Америку я открывал,
На том стою.
Александр Прокофъев.

Адамзат жаралғалы «байғұс» ақын,
Халықпен қоян-қолтық жүріп жақын,
Ортақтасып қуаныш, қайғысына,
Жыршысы болды, жұртқа жар салатын.
Батырдың еріп «байғұс» жорығына,
Жырымен жаудан елін қорыды да,
Адамды жыныс яки жасқа бөлмей
Жар салды, тек бақытты болуына.
Ғашықтар қосыла алмай кетсе өліп,
Жоқтады жұрттан бұрын жасын төгіп.
«Мықты» я «осал» демей, қиянатшыл
Адамның мінін бетке айтты сөгіп.
Сондықтан ары көрді оны бар ел.
Ел оған десе: «жаудан қорға, я, өл!»
Бұлжытпай орындауын бұл бұйрықты,
Дәлелдеп берді әлемге Мұса Жәлил.
Кей ақын батыр емес, нәзік жанды.
Ол «байғұс»: батқан күнді,... атқан таңды...
Бұлбұлды... гүлді... қызды... өзеурей
Сипаттап, тек соларға құмарланды.
Өзенге ондай «байғұс», яки — тауға,
Немесе, елсіз, күнсіз бақша-бауға
Қаңғырып, күңіренді зарлы үнмен,
Ұқсамай бүтін ақыл, дені сауға.
Жынданды кейбіреуі арасында,
Өзенге батсын, шыңнан құласын, я,—
Тыңдамай, өлтірді ол өзін-дағы,
Тапсырып жел мен суға мұрасын да. 
Халықтық ақын жазбай қимылынан,
Өмірдің берік ұстап құйрығынан
Айрылмай сүйресе де тасқа, суға,
Көрді ол бар бейнесін мың құбылған.
Ойлама, ондай ақын азады деп.
Болады жазғанынан жазары көп.
Өмірдің тереңінен сүзіп алған
Қымбатына, өткізер базары көп.
Ақынның мен білетін бәрінен де
Озып боп, жеткізбеген әлі күнге,
Маяковскийді мен мақтан етіп
Атаймын, күшімен де, әнімен де.
«Дүниеде — жоқ деседі — сынбас берік»
Жаршысы — революция, жаршысы — ерік
Кездесіп, мен білмейтін бір қысымға,
Арманда асқақ ақын кетті өліп!..
Жоқ, өлген жоқ!.. Өлуге ол тым ірі...
Бар әлемге тарауға жетеді үні.
Осынау, мәңгі жасар бәйтеректің,
Мен-дағы бұтағының болдым бірі.
Ісіне аты сәйкес — Владимир.
Ол-дағы шетсіз-шексіз дүние — бір.
Аузынан талай рет естілген үн,
Тұрады құлағымда, деп — «бірге жүр!»
Жүремін, жолдас! Сенен қалыспаймын.
Жат үнмен табысқам жоқ, табыспаймын.
Кетсең де қай жыраққа қасыңдамын,
Айнымас бұл антыма, жан ұстаймын.
Барсам да курортына, күресіне,
Шырқаймын осы бетпен жырды есіре.
Лениннен, партиядан, еңбекші елден
Тигені осы менің үлесіме.

1966 



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегімді мандат қып

  • 0
  • 0

Табиғат тарихында бірінші рет,
Түннің қара қылшықты түгі түлеп,
Түн күндізге айналып, қалғытпады
Түн болса тынығымпаз миды жүрек.

Толық

Қырғызда

  • 0
  • 0

Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.

Толық

Ленин мавзолеиінде

  • 0
  • 0

Бұл ұстаз — еңбекшінің ардақтары,
Асқар таудай панасы, қорғандары.
Ұйықтап жатқан сықылды көрінгенмен,
Көп тұрдық, ұйқысынан оянбады.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар