Өлең, жыр, ақындар

Екі кездесу

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 453
1
Турксиб тұлпар теңселіп,
Тайпалған жорға секілді,
Тырсылдап болат тұяғы
Желпілед желге кекілді.
Келді Талдықорғанға,
Машинист тартты тізгінін.
Тоқтады тұлпар арқырап,
«Күтіп тұр,— деп,— бізді кім
Терезеге телмірді
Гүл тұтқан жұрт іңкәрдей!
Күткен адам көрінді...
Күйі келген сұңқардай
Адам екен,
Көзінде
Күштің күндей фонары.
Жолбарыстай жоталы,
Қайратты қалын, қабағы.
Сергей Киров екені
Тұлғасынан танылды.
Күткен қонақ, сый қонақ!
«Ура!» қолдар қағылды.
Тербетіп тәтті музыка,
Ойнады шаттық күйлерін.
Күлімдеп Киров жолдас та
Көріп көптің сүйгенін.
Жібек шәлі, шәй көйлек,
Барқыт камзол, қолда гүл
Тұр еді... әдеп сақтаған
Бейнеменен бір әйел.
— Досқожанова Нұрипа,
Еккені қант қызылша,
Орындайды жоспарын
Большевиктің қызынша,—
Деді жолдас райком.
Нұрипа гүлін Сергейге
Ұсынды,
Сергей қолдасты
Достық жүзбен жеңгейге.
— Гектардан қанша аласың? —
Әзірге бес жүз центнер.
— Жаса, жолдас, көп жаса,
Қолыңды, кәне, қайта бер!
— Қызылшаны бұдан да
Артық егіп беремін!
— Ісіңе түсің лайық,
Сертіңе, құрбым, сенемін.

2
Турксиб тұлпар теңселіп,
Тайпалған жорға секілді,
Тырс-тырс басып тұяғы
Желпітед желге кекілді.
Алты аттап айлықты
Волганы өтіп, елді етіп,
Тымық күнді екпінді,
Дауылдатып, желдетіп.
Арқырап: «Келдім» дегендей,
Адымын алшақ аттады
Мінгізгені үстіне
Съезд делегаттары.
Делегаттың біреуі
Большевиктің қызынша,
Бір мың бір жүз он тоғыз
Центнер алған қызылша.
Нұрипа еді,
Тұлпардан
Түсті о да халықпен.
Қарсы алды Қазан вокзалы
Неше түрлі жарықпен.
Неше түрлі гүлдермен
Безеген екен денесін,
Бес тармақты жұлдыз тұр,
Нұрға бөлеп төбесін.
Жердің шарын жалғыз-ақ
Аттағандай адыммен
Ленин тұр,
Суреті
Бөленген ту-жалынмен.
Алдында жазу,
Бақыттың
Адамзатқа ұясы,—
Сөзінде қимыл, қуат, күш,—
Советтік Конституциясы.
Артына ерген армия
Политбюро ішінде,
Жолдас Сергей Киров тұр
Баяғы көрген пішінде.
Күндей күлген көзінде
Күштің жанар фонары.
Жолбарыстай жоталы,
Қайратты қалың қабағы.
«Жау оғы,— деді Нұрипа,—
Екен ғой әлсіз ерлерге,
Өлді, деген бекер боп
Съезге Киров келген бе?!
Сергей!.. Сәлем беремін,
Сүйікті ұл, большевик!
Өзіңе берген уәдемен,
Қызылшаны өлшеп ек,
Жүз он тоғыз асырдым,
Уәде қылған мыңнан да...
Съезден кейін қонақ бол
Келіп біздің қырманға!»
Қиял қонып тұғырға
«Өлгені Сергей,— деді,— рас!»
Домалап кетті кеудеге
Көзден түйдек тамған жас.
Жігерленіп Нұрипа,
Аққан жасын тыйды тез.
Орындауға ақылын
Кировқа тағы берді сөз.
Ардақтайды біздің ел,
Большевиктік бұйрықты.
Ардақтайды біздің ел
Большевик Сергей Кировты.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

V — Даланы сағыну

  • 0
  • 0

Балтықтың ригалық қойнауында,
Халықтың тән тыныстар жайлауында
Жүрем де, туған, өскен жер мен елдің
Есіме алам кейде жайларын да.

Толық

Денсаулық жайы

  • 0
  • 0

Күн сылбыраң, жердің жүзі іріп тұр,
Қарлы жаңбыр бетке аралас ұрып тұр.
Ауыл үйлер шошалада, күн суық,
Жел де азынап аш қасқырдай ұлып түр.

Толық

Сапарғали Бегалинге

  • 0
  • 0

Алпысқа келу керек Сапекеңше:
Тік бойлы, тастай дене, биік еңсе;
Сиятын қара кез бен қара шашқа,
Отыз бен отыз бестің бірін берсе!

Толық

Қарап көріңіз