V — Даланы сағыну
1. КЕҢДІГІ
Балтықтың ригалық қойнауында,
Халықтың тән тыныстар жайлауында
Жүрем де, туған, өскен жер мен елдің
Есіме алам кейде жайларын да.
Бұл жердің оңы орман, солы — теңіз.
Авгусы емес биыл не жаз, не күз.
Күн көзі сығырайса суға шұбап,
Түйілсе шомылудан түңілеміз.
Барарың ондай шақта орман іші.
Мен байғұс, орманда өскен қайбір кісі.
Бұтасыз туған жерім жалпақ дала,
Еш жақтан көрінбейтін шегі, ұшы.
Атпенен алты айлық жол ұзын тұрқы,
Шыдайды ол жүріске қандай жылқы?..
Жүруге көлік түгіл жалығып жел,
Қалжырап ыдырайды кешкен бұлты.
Түйемен төрт айлық жол көлденеңі...
Өсірсе бай табиғат жерде нені,
Осынау жалпақ дала өн бойынан,
Кемде-кем ұшырайды енбегені.
Болса аспанында жұлдыз аққан,
Болмаса ай мен күні шығып, батқан,
Көрмеген көркін бұрын кен, даланың,
Жер болып жаралғалы, ел Қазақтан,
Қазекем жайлап жалпақ кен, даланы,
Жауласқан елдердің боп аламаны,
Беріспей сан ғасырлар, ақырында
Орысты қамқор көріп сағалады.
Жегенмен таяқ, бай мен патшасынан,
Айрылмай ырысты есік тұтқасынан,
Шықпады уәдесіне берік қазақ,
Еш жерде Россия қақпасынан.
Жеті-ата, сонда есіп, жеті-мысым,
Өткізіп кең жазықта жазын, қысын,
Табанын басқа жаққа аудармаған,
Көрсе де қандай қаза, қандай қысым.
Жалықпай көше берді, көше берді,
Жолшыбай өле берді, өсе берді...
Ақырда Октябрьдің таңы атып,
Бақытын іздеп жүрген кеше көрді.
Сол таңнан естіліп үн бауырмалдық,
Лениннен «Теңсін» деген алып жарлық,
Қымбатын коммунизм сарайына
Қазекем іркілместен текті барлық.
2. КЕНІ
Деп жүрсек «бар қымбаты мал-ақ екен»,
Басқа да қымбаттары мол-ақ екен.
Болғанмен беті шөлейт, бұл кен, дала
Астында асылы көп арал екен.
Қазекем көшкенімен кетпей бұрыс,
Түзепті ежелден-ақ бетін дұрыс.
Түйенің табанына аз-ақ тимей,
Төселіп жатқан екен жалпақ құрыш.
Өзіне теңдесі жоқ жер үстінде,
Қайраты қамауда екен не күштің де.
Советтің тапқыр қолы сұғынғанша,
Келіпті абайламай оны ешкім де.
Мысын, ба, темірің бе, ураның ба?..
Не болса Менделеев құрамында
Табылып соның бәрі, қаптап кетті
Шахталар кең далада ой-адырға.
Құрылып сол тұстарда нелер гигант,
Таусылмас кен асылын шеттен жинап,
Ісіне коммунизм ұлан-байтақ,
Молдығын көл-көсір ғып жатыр сыйлап.
Әйгі істің жасырамыз енді несін?
Ұлы Отан соғысында жау төбесін
Ойғанда, Қазақстан беріп тұрды,
Атылған оқтың жүзден жетпіс бесін.
Жасалып машиналар нелер мың түр,
Сан алуан мылқауларға бітіріп тіл,
Заводта, фабрикада, суда, қырда
Қаптады «Қазақстан» атты вымпел.
Жері жоқ бұл вымпелдің тарамаған,
Игі іске қазығы жоқ қадамаған.
Кубаны, Африканы, Азияны
Көреді саяхаттап аралаған.
Тізгіндеп Америкада Пентагонды,
Қозғалтпай аяқтарын тұсап Боннды,
Советтік отырса күш,
Қазақстан Кенімен әл-қуаты еселенді.
Бұл күшті қазекем де пайдаланып,
Әр үйде ленинизм шамы жанып,
Сумен де, құрғақпен де сапар шегіп,
Жер шарын сан ұл-қызы түсті айналып.
Мұншама табылған соң кеннен қойма,
«Жетпес-ау» деген қауіп болмай ойда,
Жер түгіл аспанды да игермек боп,
Жең тартты ракеталар космос, Айға.
3. КЕЛБЕТІ
Алтайын, Тарбағатай, Алатауын
Мекендеп қазекемнен ел бір қауым,
Бөленіп белуардан шалғынына,
Рақатта еткізеді жаз жайлауын.
Күз түсе тауға жауар қардан қашып,
Құмақты бұйраттарға кетеді асып.
Адамға, малға олар да керегінше,
Шашылып аяқ асты жатқан несіп.
Шошиды көрмегендер бұйрат құмнан,
Білмейді араларын малға тұнған.
Ел ауған тұстарында үйірімен
Шұбыра өрістейді аң жыртылған.
Керіліп одан әрі жатыр Бетпақ,
Су тисе шөп өнеді үстін қаптап.
«Болмаса көктем менен күз жаңбыры
Өзге бұлт тоқырамай кетеді аттап.
Шіркін-ай қанып ішер сусын тапса,
Бетпаққа нелер егін, нелер бақша
Жайқалып есер еді-ау!.. О да болмақ,
Атомды адамға емес, шөлге атса!..
Егіннің қолды созсаң оңайына,
Сібірдің тірелесің тоғайына.
Қазекем көшіп жүріп соның-дағы,
Бір кезде барып қалған маңайына.
Қыртысы қара мақпал — құлаш жарым,
Қамшаттың құндызындай түгі қалың,
Сібірдің Арқа менен шұрайына
Сүңгіте кен, өрістеп жайған малый.
Бірде Сырға, біресе Арқаға ауып,
Кей жылдар көш жолында мұздақ жауып,
«Бай бір жұттық» дегендей тып-типыл боп,
Қырылып баққан малы болған науыт.
Бір кезде көрші қонған орыс келіп,
Құнарлы топыраққа егіс өніп,
Бастығын бидай ғылып, нелер алуан
Көрсеткен қазекеме жеміс теріп.
Орыспен жер жемісін үлесуге,
Несіпті топырақтан тілесуге,
Мойыны қазекемнің жар бермеген,
Тек сеніп, малдың еті, сүмесіне.
«Мал байдыкі, шыбын жан — құдайдікі» —
Деп кедей, жер де, мал да, болмай мүлкі;
Замана «ішер қаны, жер еті жоқ».
Жарлыға жиырылған болды кірпі.
4. НАНЫ
Қазақта қатар ұғым: «нан» мен «нану»,
«Болмайды нанға шығып құранды алу»,--
Деп діншіл кезінде де атам-қазақ,
Аңғартқан асыл ойын, нанды тану.
Тағы да «алтын, күміс тас екен» деп,
«Тек қана, арпа, бидай ас екен» деп,
«Адамға наннан үлкен нәрсе жоқ» деп,
Ұрпағы есті «нану осы екен» деп.
Шіркін нан, тудырмады нелер дауды!..
Нансыздар жанын қалай асырауды
Біле алмай сандалғанда, алпауыттар
Сақтады сарайында наннан тауды.
Нан үшін болып талай соғыс, қырғын,
Бастаған еңбекшіні нелер ұлдың
Өзі өліп қан майданда, тек есімі
Боп қалған тақырыбы өлең-жырдың.
Ақырда,Ленин бастап еңбекші елді,
Есесін қанаушыдан алып берді.
Сиырмен соқа айдаған әлсіз шақта,
Астық та жетімсіз боп аз ғана өнді.
Жетпеді ашыққанға мұндай астық,
Нан қорын молайтуға ұрандастық.
Тыңдарды көтеруге аттанды жұрт,
Алдында Компартия болып бастық.
Жігерлі осынау жұрт аласұрған,
Әр елдің мекенінің арасынан
Тапқанмен тың танабын, ең жалпағын,
Қазақтың кездестірді даласынан.
Байы да болып шықты туған өлкем,
Ешқайда болмай шықты оған жер тең.
Дейтұғын,— «түгін тартса майы шыққан»
Құнарлы топырағы, түгі көркем.
Түп-түгел көтеруге соның бәрін,
Ішінде бірер жылдың жетті әлім,
Ежелден тойындырмай ызасы өткен
Септік біз көл-көсір ғып нанның дәнін.
Қуаныш болып егін ел-жұртыма,
Сабақтың нелер дәндер толды ұртына.
Самалмен теңселгенде сырт тұрпаты
Ұқсады судың Тынық мұхитына.
Молдығын жиған дәннің айтсам серпе.
Таусылмас қанша жесең шеттен керте,
Салмағы екі миллиард бұтқа жақын,
Қазақтың кең даласын жапты белке.
5. СУЫ
Дейтіндер суды «арзан», сусын таппай,
Топалаң тиген қойдай қирап жатпай
Қырылса, көзіме жас алмақ түгіл,
Қарар ем бедірейіп кірпік қақпай...
Адам ба, хайуан ба, өсімдік те,
Тіршілік жасайтұғын есімдік те,
Біреуі судан безсе шөлде өліп,
Ілезде ұшырайды хасіретке.
Бойына асыл кенді беріп барлық,
Отырған жердің жүзін қазір таң ғып,
Қазақтың кен, даласын, бай табиғат,
Тек қана жаратыпты суға зар ғып.
Ертіс, Сыр, Жайық, Есіл... өзендері
Болғанмен, алшақ бітіп кезеңдері,
Ғасырлар бойы көшкен қазекемнің,
Ернінің жібімепті кезергені...
Мол суға сол кен дала әлі тарын,
Сығымдап ұстағанмен қолда барын,
Шөлейттер жаңбыр менен қар аз жылы
Отанның ортайтады толған қабын.
Мысалға алсақ тыңда өткен жылды,
Егінге сусын жетпей дымы құрды;
Комбайн орақтары нуға кірмей,
Шығымсыз таз егіннің шашын жұлды.
Отанға орындалмай міндеттеме,
Шалқымай жалындаған үн лепте де,
Мұңайған өршіл өлең, халқыменен
Тұрды тек келер жылдан үміттене.
Табиғат сол тілегін қабылдай ғап,
Қары да өткен қыстың қалыңдай ғап,
Көктемде оған қоса жаңбыр төпеп,
Көлкіген су көрпесін жамылды аймақ.
Дегенім «аймақ»— бүкіл Совет жері,
Жоқ, биыл ала-құла, артық-кемі.
Дән болып шыға келді, Ғалиша11 айтсақ,
«Диқанның жерге тамған әрбір тері».
Қуанып бұған достар, кейіп қастар,
Тау таппай қас, төбеден бізге тастар
Шабынса босқа, берер жауабымыз,—
Біз тоқпыз, лайымда өзін, аш қал!..
Осынша егін берген қалын, нулы,
Мақтайық аспаннан да келген суды!..
Советтік халықтардың жарысында
Ойым бар, озып алар, қызыл туды.
6. ҚУАНЫШ ПЕН ҚОРҚЫНЫШ
Мен ақын болған емен кабинеттік
Тыс қалған күндерім жоқ істен көптік.
Алғаш сиыр, соңынан трактормен,
Егінді еңбекші елмен бірге ектік.
Дәндердің бірге жинап азын, көбін,
Өткізіп көзден істің артық, кемін,
Халықтық сарайлардан үлеске алған
Нанымды еңбек етіп адал жедім.
Биыл да сол дағдыма тағы бағып,
Егісін туған жердің көрдім барып,
Келетін белуардан жасыл шалғын,
Бойында бар танаптың тұр ырғалып.
Кезі еді сабақ басын сүт кернеген,
Мұрттарын тікірейте көкке өрлеген,
Собығын сабақтардың иіскей бердім,
Адамдай, бұл сияқты түк көрмеген.
Иісі мұрыныма қамыр сасып,
Сындырмай бір сабақты, еппен басып,
Егінмен бірге өскендей болып кеттім,
Жан-тәнім жан-тәніне араласып.
Ұйыды дәннің сүті мен қайтарда,
«Болады миллиардтар!» деп айтарға.
Дәлелім бола-тұра, жоқ та емес
Жағдайлар егіншіні ойлантар да.
Пайдалы әрбір нәрсе мөлшерімен,
Егерде аса қалса өлшемінен
Болуы у пайдалы ғажап емес,
Су түгіл, қасиетті кеусеріңнен.
Жыл куә,— мың тоғыз жүз елу сегіз:
Шыққанмен егін онда, бойшаң, семіз;
Астықты жинар шақта төккен нөсер,
Далада болып кетті бейне теңіз.
Ерте ойлап ұқыптылар бұндай жайды,
Су дәнге кебер орын тапты ыңғайлы.
Көтеріп қиын жылдың ауыр сыйын,
Боп шықты, қорытқанда, іші майлы.
Салақтар мылқау күштен ыға қашып,
Қырманда шіріп дәндер, жатты сасып.
Жапырып жазғы жаңбыр, қыс жауған қар,
Орғызбай кей танапты қалды басып.
Жоқ емес биыл-дағы сондай қауіп,
Егінді мезгілінде түгел шауып
Алайық, егіншілер!.. Кен, даланы
Биыл да кетсін тұтас бөлке жауып!..
7. АСТЫҚ МАЙДАНЫ
Балтықтың ригалық қойнауында
Халықтың тән тыныстар жайлауында
Жүргенде, туған, өскен ел мен жердің
Есіме алам астық майданын да.
«Сағаттың шықылдағы емес ермек
Әмиша өмір өтпек ол білдірмек»12,
Дегендей, бітіп август, сентябрьді
Шақырды «орнымды бар, мұнда келді
Жеткендей аңсап жүрген ғашығына,
Алтын күз бөленіп бар асылына.
Жарқырап көрінгенде, астық тойы
Жөнелді бұрқан-тарқан тасыды да.
Сыртында қалып қоймай ұлы тойдың,
Латыштар аз егінін ойдым-ойдым
Жинауға кіріскенде, соған қарап
Есіме туған жерді ала қойдым.
Кезіме елестеді көрінісі,
Келбеті — бұрқанған майдан іші.
Мыңдаған моторлардың бұл далада,
Тұтасын алған бойда жойқын күші.
Жорықта басып ылғи ілгеріге.
Шығады бір ырғақпен үндері де...
Жік түспей араларын ажыратар,
Қосылып кеткен күн мен түндері де.
«Соғысқан» табиғаттың дымын құртқан,
Батыр ұл, батыр қыздар талай ұлттан,
Алмайды кез шырынын күн тәулігі,
Құнығып іске, егін басын қырыққан.
Тиген соң осылайша оған «жау» боп,
Шошаймай бұрынғыдай егін бау боп,
Комбайн жүрген жердің әр тұсында,
Үйілді жоталана астық тау боп.
Мыңдаған машиналар тасып жатыр,
Қырманға сыймай астық асып жатыр,
Апарса эшелондар алтын дәнді,
Сарайлар қақпасын кен, ашып жатыр.
Тәтті нан пісіріліп заводтарда,
Жоқтығын қарын ашар қауіп алда,
Советтің езі түгел, достары да
Еңбегін атқаруда шабыттана.
Дәндерді тез жинауға жан таласқан,
Еңбекші көпшілікке үні ұласқан,
Оқырман, ойлашы өзің, қандай қызық,
Сыпырып маңдайдан тер, араласқан!..
8. ШЫНЫҒУ
Кім білген жастық шақта курортыңды,
Кім білген «ымшық-шымдық» дер дертіңді.
Кейінгі жылдарда дем алғыш болсам,
Әдетім ғана тапқан бұл бертінгі.
Кейде — бас, кейде — кеуде, кейде — буын,
Тілейтін шақ жетіпті тынығуын.
Курортқа сол себепті бара қалсам,
Емдену емес оным, шынығуым.
Биыл да сол дағдыма баға қалып,
Балтықтың курортына бара қалып,
Демалып жатқан шақта, елеңдедім
Құлағым дала үнін шала қалып.
Келе ғап, сол бір сәтте ұшып кеткім,
Ішіне кіре қалмақ болып көптің
Көңілім желіккенімен, бойды тежеп,
Болашақ күндерді ойлап, сабыр еттім.
Алда да тізбектеліп жатыр жылдар,
Алда да көтерілмек талай тыңдар.
Күш-қуат жинауым да теріс болмас,
Сондағы жеңістерді шалқи жырлар.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі