Сен неге көзiме көрiндiң?

Бұл бетте «Сен неге көзiме көрiндiң?» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Сен неге көзiме көрiндiң?
Жүрек бiр бұлқынып қалды, әнi...
Өзiм де түсiнбес өмiрмiн,
Бiтпейтiн қиялы, арманы.
Мен сенi ұмытып кеттiм деп,
Сендiрiп қойған ем санамды.
Кеттiң-ау қоламта отты үрлеп,
Шақтарды тiрiлтiп аяулы.
Мен сенi сүйгенмiн... сүймегем...
Анығын өзiм де бiле алман.
Өзiмнiң отыма күйген ем,
Толқынға тербелiп бiр алуан.
Бiрге өрлеп үнсiз, тар көшемен,
Айрылысып кеткенбiз екеумiз.
Мен үшiн сен, қалқа, кешеде ең,
Ал бүгiн басқамыз, бөтенбiз.
Таныдық. Сен күлдiң, мен күлдiм,
Көңiл де сол кездi кеттi аңсап.
Баяғы күнгiдей мен жүрмiн...
Бүгiннен тәттi екен өткен шақ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сен неге көзiме көрiндiң? өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Сен неге көзiме көрiндiң? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сен неге көзiме көрiндiң? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сен неге көзiме көрiндiң? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері