Көз жұмбақ

Бұл бетте «Көз жұмбақ» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 949
(1771)

Қорқамын, қалқам Тереза.
Темірдей өткір көзіңнен.
Ашуы зілдей сезілген!
Бірақ кейде бір қарап,
Арбаса көзің жаудырап,
Сұлу бар ма өзіңнен?
Аласың кейде мені ұстап,
Аңдаусызда құшақтап,—
Қос жүрек соғар бір жанып.
Көзден бүркеу алыпса.
Түсесің қайта ашуға,
Мүскінге көзсіз — сұрланып.
Бұлқып жүрмін сүрініп,
Соғылып тасқа ұрынып,
Азан-қазан думанда,
Ләззәтыңа табынам,
Немесе дертке шомылам
Қаңғырам да тұманда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз жұмбақ өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Көз жұмбақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз жұмбақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз жұмбақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері