Қырында киік жайлаған – Асан қайғы

Бұл бетте «Қырында киік жайлаған» атты Асан қайғы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 1
  • 11
  • 49897
...Қырында киік жайлаған,
Суында балық ойнаған,
Оймауыттай тоғай егіннің
Ойына келген асын жейтұғын,
Жемде кеңес қылмадың,
Жемнен де елді көшірдің.
Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң, тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің.
Елбең-елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген,
Екі семіз қолға алып,
Ерлер жортып күн көрген
Еділ деген қиянға,
Еңкейіп келдің тар жерге,
Мұнда кеңес қылмадың.
Кеңестің түбі нараду...
Нәлет біздің жүріске!
Еділ менен Жайықтың
Бірін жазға жайласаң,
Бірін қысқа қыстасаң,
Ал қолыңды маларсың
Алтын менен күміске!..


Пікірлер (11)

Айым

керемет

иманалиева Нуризат

Сиздин олендериниз тамаша .арбир жанын журегин жылытады .одендериниз керемет орлей берсин оссе берсин

Мадина

Олендериниз оте керемет.олендериниз орлей берсин!!!

Жанар

Керемет

Жанар

Рахмет қатты ұнады

Айгул

Рахмет маган керек болып ж8р еди

Рамазан Өтебай

Керемет мұны әрбір қазақ жыгыты оку тиыс жанеде соны ұғып алган жөн

Аружан.

сизге коп рахмет.осе бериниз.

Админ

Рахмет бұданда көп өлеңдеріңіз шықса деймін

Есмахан

Көлде жургкн қоңырқаздың толық нусқасы борма

Рауза

Оте кушты жарайсыз????

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері