Асық

Бұл бетте «Асық» атты Есей Жеңісұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1906
Сағынып, сыздап жүр кеудем,
Елес жоқ бала күндерден...
– Ойнайық омпы, үштапан!
– Шеңбер сыз, қане!
– Кiм мерген?
– Ал, иiр, иiр сақаңды!
– Алшы тұр, күнiң тақалды!
– Сен қарау баспа, әйтпесе,
Шақырып келем атамды.
– Жылатпа сараң неменi,
Ыңырси қалу – өнерi...
– Кел, сақа айырбастайық!
– Құлжа ғой маған керегi.
– Өлiктен асық жиятын,
Ұятың жоқ қой, ұятың!..
– Ұта алмай жүрмiн, сақама,
Қорғасын бар ма құятын?
...Сақаны сайлап, шымыр ғып,
Сөреден көздеп... жүгiрдiк.
Сәл кейiн өмiр жолына,
Бiз де асық болып тiгiлдiк.
Орнымыз мүлде өзгерiп,
Сыналар сәтке кез келiп,
Тағдырдың өткiр көзiмен,
Көзделiп тұрмыз, көзделiп.
Елес жоқ өткен күндерден,
Шеңберде тұрмыз түрленген.
– Жанай кеп тиiп, жығылтпа,
О, тағдыр-еке, сұрмерген!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Асық өлеңінің авторы кім?

Есей Жеңісұлы — осы өлеңнің авторы.

Асық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Асық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Есей Жеңісұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Асық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері