Қазақтың келіндері

Бұл бетте «Қазақтың келіндері» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1162
«Ерке бала», «Кішкентай», «Мырза жігіт»
дейді жеңге қайнысын ырза қылып.
Инабат пен ықылас астарынан
жанға жайлы ерекше бір наз ұғып.
Әзілдесе тыңдайды қайынды ұйып,
сыр айтады қыз, жігіт жайында үйіп.
Жақын одан жаны жоқ, өбектейді,
бар тәттісін ұсына шайын құйып.
Тайсақтайтын болмайды айла, амалы,
кішік жанға бірінші айналады.
Кірпігімен көздерін көлеңкелеп,
жолын кеспей өткізіп қайнағаны,
«Көсе аға» деп, болса егер сақал қырған,
талайларды күлкіге шашалдырған.
Күйеуінің есімін ауызға алмай,
«өзіміздің үйдегі» атандырған.
Түскен жерін шаттыққа қарық қылған
оларға өмір сын күйін сан ұқтырған:
қабағынан атаның сыр ұқтырып
емеурінін ененің таныттырған.
Түйіп ішке жақын кім, алысың кім,
бола білген жоқшысы намысыңның.
Келі түйіп, құрт жайып, күбі пісіп,
оң қолына айналған абысынның.
Инабатты ту еткен түсінікпен
бабын тауып бәрінің, кісі күткен.
Қызықтарын іздеген қиындықтан,
кісілікті іздеген кішіліктен.
Адаспастан салулы сара жолдан.
қайыспаған толғанша балаға ордаң,
Ат қойғыш сол қазақтың келіндері
Ару қыз да, Ардақты ана болған...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақтың келіндері өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Қазақтың келіндері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазақтың келіндері өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазақтың келіндері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері