Жүрегім – Гүлжауһар Сейітжан

Бұл бетте «Жүрегім» атты Гүлжауһар Сейітжан жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.09.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Тіршіліктің ақтарып сап сандығын
ауыр саған сезіп, білу барлығын
Зұлымдықтың, сатқындықтың салмағы,
неге саған түседі екен, жалғызым!?
Кетеді өмір сабақтары сұрыңды ап,
өте алмайсың деп қасынан бірін жат.
Ата-анадан безіп шыққан сорлыны
темір қолы тұрды сені сығымдап.
Шаттығыңның көзі болмай тыныш күн,
қуанта алмай ұлы күні ұлыстың
сәби керіп лақтырылған далаға,
тоңған күзгі жапырақтай бүрістің.
Жоғалады жанарыңнан бар шуақ,
өзегіңе у тамады тамшылап.
өліп бара жатса ормандар өртеніп,
өліп бара жатса теңіз қансырап.
Болып кенет үміт нәрсіз, арман сап,
үздігесің өр намыс пен арды аңсап
ой-санасы бір-ақ тұтам жандардан
ана тілім жәбір көріп қалған шақ.
Арай құйып тұрса да аппақ арманың,
қауіптерге толы ылғи жан-жағың.
ойсыз біреу бас қатырып жатпастан,
ойнап тұрып сұғып алды қанжарын.
Күндерімнің бірі кетіп, бірі кеп
ауыртса да түйреп алар мың рет
сан майданнан алып шығып келесің,
қан жоса боп жүрек деген құдірет...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жүрегім өлеңінің авторы кім?

Гүлжауһар Сейітжан — осы өлеңнің авторы.

Жүрегім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жүрегім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Гүлжауһар Сейітжан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жүрегім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері