Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда – Сайын Назарбекұлы

Бұл бетте «Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.04.2021
  • 0
  • 0
  • 909
Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда,
Қыста тоңбай, шөлдемей cap тамызда.
Тағдыр, заман, бәрі де сүріндірмек,
Бар ауырды артады арқамызға.
Арыз айтпан, алғанмын қасарысып,
Сонда ғана көктемей жатар ісік.
Ізгілікті eгe алсаң, кетеді екен
Қызғаныш пен күншілдік қатар үсіп.
Бар ауырға ұмтылдым, арқаладым,
Елемедім қанардың орталарын.
Балдай шәрбәт дәміне қызықпадым,
Ұрттап көрдім әдейі, жорта, зәрін.
Мен әуелден жылауық бола алмадым,
Аз сый емес, адамға ол Алланың.
Менің еншім, әкемнен мұра қалған,
Еңбек сүйдім, болғаны сол алғаным.
Сол еңбегім жеткізді арманыма,
Түсірмеді ешкімнің қармағына.
Сол еңбектің арқасы, жарқын жүзбен,
Қарай алам, ұялмай жан жағыма.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ей, адамдар, мен жүрмін ортаңызда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері