Салтанат сазы

Бұл бетте «Салтанат сазы» атты Хамит Ерғалиев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.03.2022
  • 0
  • 0
  • 669
Далам қайсың, жан өлкем, таусылмайтын,
Теңізім қайсың, тәкаппар тау, шың қайсың.
Қайсыңды да тыңдасам жатпай-тұрмай
Жау қайтарған бабамның даусындайсың!
Болашағын боздағым, қозым дейтін
Кемеңгерлер көңілінің көзіндейсің.
Нәр сызбастай тағдыр аш қалдырса да,
Нәсіл едік төрт уыс төзім жейтін.
Қайрат жиған қайғыдан, нәубеттерден
Қай әулием әлжуаз әулет берген?!
Ұлың тұрғай қылышты қыз көтерген,
Махаббаттан дән болып дәулет келген!..
Tәңірім деген тәубе де, тәуекел де
Ауырсынбай кетер деп тау әкелді
Таудай міндет жүктенді тәуелсіздік,
Соны ойлап та аруаққа тәу ет енді!
Ендi жөн жоқ өмірден түңілетін
Жүрегімнің түсер деп түбіне түн.
Басын иіciн замана зар биікке
Көк байрағы көкемнің тігілетін!

1994 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Салтанат сазы өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Салтанат сазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Салтанат сазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Салтанат сазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері