Хафизге – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Хафизге» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.09.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Қайран Хафиз! Қайтып саған тең келем?
Мынау неткен сандырақ!
Ұшқыр қайық шырқар құстай желменен,
Айдын жарып жарқырап.
Желкен шалқып, жүйткір әрі қасқайып,
Батыл қайық, бас қайық.
Ол шегінбес сұрапылдан жасқанып,
Өрге жүзер қасқайып.
Сенің жырың кейде өзендей ағынды,
Сусын берер қандырып,
От толқындай кейде шашар жалынды,
Жүрегімді жандырып.
Жайнашы таң, құдіретті пішінде
Медет берші маған да,
Елестейді жарқын өлке, түсімде
Құмармын сол ғаламға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері