Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма
Бұл бетте «Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген.
Ұсынып өзінің тек атын алға —
Өзіне тең бар дейтін ақын бар ма?
Силап бір сырнайшы да, тәлім тұтып,
Өзінен асқан бар деп мақұлдар ма?
Шындық қой мұнысы да, көз салып көр,
Өзгені зор тұтқаның — өзіңе сор.
Ұсынсаң өмір жолын өзгелерге,
Өмірде өзіңе тек кезігер тор.
Көрдім мен талай шенді ұлықтарды,
Күндейтін бірін-бірі бүлік жанды,
Құлмақты құмалақтан айырмайды,
Жасауға шебер түрлі қылықтарды.
Сақтауға тозған абырой, шірік істі,
Кемітер олар жаңа сыпырғышты;
Ал жаңа сыпырғыш та мансап үшін,
Мән бермес ескілікке, сыры күшті.
Бір-бірін халықтар да сөгін, тілдеп,
Мұқатып жүрген жоқ па қастық тілеп.
Білсейші халық біткен, бәріңде де
Ежелден бір емес пе мақсұт-тілек.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі