Бұл бетте «Өлең мен мүсіндеу» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған поэзия туралы өлең берілген.
Мейлі грек, қара батпақ балшықтан,
Соға берсін әсем, кербез сымбатты,
Мейлі мәңгі сол мүсінге болып таң,
Төксін лебін жалын атып тым қатты.
Ал, біздерге, қызығырақ одан да,
Евфраттың өзеніне иіліп,
Ағысына қолымызды малғанда,
Ойнаса су, толқындарын иіріп.
Салқын тапса жүрегіміз бір сәтке,
Өлең шіркін кеудемізде тулайды.
Ақын қолы таза болса әдетте,
Су тұрмайды, алақанда құрғайды.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі