Өлең, жыр, ақындар

Жігіт пен диірмен

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 547
(Баллада)

Ж і г і т
Қайда ақтың өзенім, Неге асықтың?
Мұнша неге мәз едің, Тез тасып тым?
Не іздейсің бұл сайдан, көк майсадан?
Не іздейсің, өзенім, айтшы маған?
Ө з е н
Еркін едім ағылған, Ойнақтаған,
Ұстап алды жалымнан, Байлап адам.
Еркіндік жоқ жүйткитін өз бетіммен,
Диірменнің атқарам қызметін мен.
Ж і г і т
Айрылсаң да еркеңнен, Қиыр белден,
Серісің ғой серпілген, Диірменге.
Диірменшінің қызы үшін жыламайсың,
Мен секілді көз жасын бұламайсың.
Ө з е н
Асықтым сол сұлуды, Көрейін деп,
Таң сәріде суымды Берейін деп.
Жуынуға аң төсін шығар жайып,
Ыстығынан кетеді суым қайнап.
Ж і г і т
Ыстығынан сол қыздың, Су қайнаса,
Сәулесінен жүремін Қалай таса?
Кетті менің сабырым, кетті дәтім,
Кім біледі сол қызды, айтшы атын?
Ө з е н
Сипалаймын аяғын, Қандай шіркін!
Естен танып қаламын, Болмай ырқым,
Тегершікті жіберем айналдырып,
Диірменім зырлайды майдан құрып.
Ж і г і т
Сен де сорлы біліпсің,Шерді мұндай,
Сол үшін де жүріпсің Шөлді қумай.
«Кез қырыңды» — деп қыз да берер кеңес,
Махаббатсыз өмір не? — өмір емес.
Ө з е н
Кетем әрең арудан, Қасіретпен,
Шерім зая ағылған, Жасын төккен.
Болар едім зор бақыт тапқандайын,
Аяғында сол қыздың жатсам дәйім.
Ж і г і т
Азабымның серігі, Уа мұңдасым,
Жеткіз менің шерімді Қыз тыңдасын,—
Жүрегімде ләззәт бар жанып жатқан,
Үмітім бар әлі де жалын атқан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сенің айтқан сөздеріңнің бәрін де, жылдар өте ұмыттым..

  • 0
  • 0

«Сенің айтқан сөздеріңнің бәрін де, жылдар өте ұмыттым:
Сезімтал табиғаттың қуанышты күндерін,
Тамылжыған естеліктер мен
Махаббат қызық мол жылдары жайын да.

Толық

Купидо, шәлкес те өткір бала

  • 0
  • 0

Купидо, шәлкес те өткір бала,
Бірнеше сағатқа сен тыныштық тілеп едің.
Бірақ та қаншама күн, түн тоқтап мұнда,
Бүгінде осы үйдің иесіндей күйге жеттің.

Толық

Май

  • 0
  • 0

Күміс бұлттар желбіреп,
Балқиды аспан демінен.
Сәулесі күннің елжіреп,
Өбеді будың селінен.

Толық

Қарап көріңіз