Су үстіндегі рухтар әні – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Су үстіндегі рухтар әні» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 617
Адам көңілі ағын судай:
Аспаннан түсіп, аспанға ұмтылар.
Аспаннан қайталап
Жер-анаға келіп қонар.
Мәңгілік бірін-бірі алмастырар.
Тап-таза, ап-ашық,
Мәрмәр-гауһар тастай
Тізіліп бір қуат алар.
Міне бөлшектенді.
Ешбір қиналмастан,
Жеңіл бұлттай буланып,
Қабырға дуалға жабысып,
Ара-арасына сүңгіп кетті
Қат-қабатты,
Тар түнекті жарып өтіп.
Топан сулар жолын қорғаштаған
Жар тастардан –
Ашу қысып буланып –
Тау кемерлері арасында – жоғалар!
Абайлап, байқап қарасаң
Жансыз сөреде
Ұйқылы дала жорғалап,
Маужыраған жұлдыздар,
Көл бетінде тұнып тұрар.
Самал желдер толқындармен достасқан,
Дауыл-нөсерлерді
Терең тұңғиықтар тентек қылған.
Адамдардың көңіл-күйі,
Ағын сулардай сарқыраған!
Адамдардың тағдыры,
Тоқтаусыз ескен желменен тең!

1779


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Су үстіндегі рухтар әні өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Су үстіндегі рухтар әні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Су үстіндегі рухтар әні өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Су үстіндегі рухтар әні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері