Кеткен жанға

Бұл бетте «Кеткен жанға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 505
Өңімде де түсімде де көрінбестен,
Қоштаспастан кеттің бе сен?
Сенің берген уәдеңді, сөзің менен дауысыңды
Есімде сақтап, бүгінде ұмытпадым.
Ия, сенің алдыңда менің еш айыбым жоқ.
Шексіз алыс сапар шегер жолаушыдай,
Түсіп тұңғиықтың көмескі жолдарына тұнжырап бір қарадың.
Таң ата жарғанаттың
Төбеде өзі көзге көрінбестен,
Еміс-еміс дыбыс әні естілген.
Шыдамым менің тауысылып жолыңа қарауменен,
Көзқарасым – қадала өтіп –
Алыстарға барып жоғалғандай.
«Қайтыңдар! – адаспаңдар – қайтыңдар!» - деп,
Жырға қосып үн қатамын.

1788


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кеткен жанға өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Кеткен жанға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кеткен жанға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кеткен жанға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері