Қарқара

Бұл бетте «Қарқара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1650
Қарқара – бағы жанған жер,
Бабалар ізі қалған жер.
Қарсы кеп орыс патшаға,
Албандар атой салған жер.
Мұқағалидай ақынның
Жырлары қанат жайған жер.
Қырғыздар келіп тойда бір,
Бөскенде кеуіп, әйда бір:
«Кенесарыларың қайда жүр?
Қалдырдық басын сайда бір», –
Дегенде, Албан ерлері
Отырған бөсіп төрдегі
Қырғыздың манаптарын да,
Нөкерлерін де жанында
Ат құйрығында сүйретіп,
Қабырғаларын күйретіп,
Кененің кегін алған жер,
Қарқара – жыр боп қалған жер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қарқара өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қарқара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қарқара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қарқара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері