Кеткен жанға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Кеткен жанға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Өңімде де түсімде де көрінбестен,
Қоштаспастан кеттің бе сен?
Сенің берген уәдеңді, сөзің менен дауысыңды
Есімде сақтап, бүгінде ұмытпадым.
Ия, сенің алдыңда менің еш айыбым жоқ.
Шексіз алыс сапар шегер жолаушыдай,
Түсіп тұңғиықтың көмескі жолдарына тұнжырап бір қарадың.
Таң ата жарғанаттың
Төбеде өзі көзге көрінбестен,
Еміс-еміс дыбыс әні естілген.
Шыдамым менің тауысылып жолыңа қарауменен,
Көзқарасым – қадала өтіп –
Алыстарға барып жоғалғандай.
«Қайтыңдар! – адаспаңдар – қайтыңдар!» - деп,
Жырға қосып үн қатамын.

1788


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері