Алады ойлар мазамды текке менің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Алады ойлар мазамды текке менің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 622
Алады ойлар мазамды текке менің,
Әлдекімге, өзімдей кектенемін.
жанып бір сәт,
Жалынып сүйгеннен соң,
Болмағандай ештеңе жек көремін.
Бетпе-бетте мақтайсың бекер, демеп,
(Көктен, жерге тастайсың, көтермелеп)
Сүйе тұрып, сүюден тартынамын,
Тағы сені жек көріп кетем бе деп...
Толқып, кейде қуанам, бір өкініп,
(Алдап, көзге, алдамшым күл, өтірік)
Сенген болып, сүйгізем, сезіміңнің –
Өткінші сәт екенін біле тұрып,
Бір қуанып, өтермін бір өкініп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері