Кен қазына байлық ізденуші – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Кен қазына байлық ізденуші» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 532
Небір қарбаласты да,
Небір ауыртпашылығы мол азапты да,
Аз емес көп жыл,
Бір басымнан өткердім.
Кедейшілік – одан асқан жоқ қиыншылық,
Алтын жиһаз маған бәрінен де қымбатты!
Тағдырыммен бәстесіп, шешімге келдім,
Қазына байлық қайтсем де мен табамын – деп,
«Сол үшін күйіп-жанамын!» – деп.
– Қасық қаныммен серт жасадым.
Сиқырлап дөңгелетіп орнын сызып,
Бар ғылымның жолын тердім,
Адыраспан жағып жалбарынып,
Жаратқанымнан байлық бер деп мен тіледім.
Табиғаттың құдіретіне көзім жетіп,
Бар жолдардың болмысын ойладым мен.
Дәл осы жерден кен қазына байлықты табармын деп;
Тас қараңғыға жолықтым кеп.
Бір кезде алыстан келіп жап-жарық сәулесі түсіп,
Жарық жұлдыздың сәулесіндей,
Айналам түгел анық көрінді.
Түннің ортасы болғанмен,
Жап-жарық болып нұрланып,
Жабайы бұтақ өсіп шықты.
Қараңғы қоюлана дөңгеленіп ол биіктеніп,
Бұйраланып гүл шоғындай көрінді,
Күн нұрының сәулесі жаңа түскендей,
Ерекше бір құбылыс,
Ыдыстар тола жайылған.
Алдымнан бір көркем бейне көргенде,
Небір ойға кеттім –
Жын, шайтандар ау осы жіберген,
Жанымды менің алуға келген, – деп.
«Алдыңа қойған құмыраны ішіп қой,
Ақылыңа ақыл толар,
Сонда саған да сабыр берер,
Бекерден бекер жатқан байлық –
Гауһар-маржан, алтындар да –
Қиялыңнан мүлде кетер.
Еңбексіз байлықтың келмесіне көзің жетер!
Күйбең тіршілікпен – күнде өтер!
Қуаныш-күлкі – бос уақытта!
Терлеп тепшу, тер төгу – апталықта!
Мереке – досыңа! –
Болашағыңда болар сенің күндесің».

1797


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кен қазына байлық ізденуші өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Кен қазына байлық ізденуші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кен қазына байлық ізденуші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кен қазына байлық ізденуші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері