Игілікке тілектес жандарға
Бұл бетте «Игілікке тілектес жандарға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақындарда құпия сыр болмаған,
Ал, ұстамды ақындарды күндіз күні де
Шырақ жағып іздесең де таба алмассың;
Қара сөзбен айта алмағаныңды, –
Өзімізден өзіміз «раушан гүліндей»
Біздер – өз достарымызға –
Ашыла айтып қоямыз.
Қайда сен өсіп өніп, қайда сен өмір сүрдің,
Қандай сен азап пен қорлық көрдің,
Оларға – ойын-сауық, бостан бос уақыт;
Ұқсатып, ашық айту,
Кемеліне келтіру, әбден жетілдіру,
Жарамсыз қылықтар, кемістіктер бәрі де –
Тек өлең-жырлардан табылары ол анық.
1799
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі