Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Кристель

Бұл бетте «Кристель» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 523
(1774)

Кeй уақыт көңіл торықса,
Қаңимын жалғыз жабығып.
Кристель сонда жолықса,
Кетемін демде жазылып.
Жұмбақ көп тірі пендеге,
Себебін қалай ұғармын:
Неліктен, не үшін, мен неге
Сол қызға сонша құмармын?
Ай қабақ. Жады жанары.
Асыл ғой мінсіз, тамаша.
Өрт болып жаның жанады,
Жалт етіп кейде қараса.
Нәркестей нәзік қылтиған
Алқызыл әтіргүл ме ерін?
Бетінен бетер бұлтиған
Айтсайшы тағы бір жерін!
Төсіне басып төсімді,
Билегем қысып аш белден.
Мәз болып, танып есімді,
Көзіме тіпті жас келген.
Mac болып биден ол дағы,
Төсіме өзі жабысқан.
Патшамсып байтақ ордалы,
Адамдай болған ауысқан.
Жанарын нәзік ұғамын —
Махаббат қанша, наз қанша!
Құшақтап белден, сығамын,
Сүйісем мейір қанғанша.
Махаббат отын маздатқан
Кейпінен өрттей жанамын.
Қайратым қайтып ләззаттап,
Ләззаттан қайрат табамын.
Дертімде шек жоқ бұл күнде,
Жалғыз-ақ сол қыз сүйгенім.
Онымен өткен бір түнге
Қияр ем бәрін дүниенің.
Бермесе егер ыңғайын,—
Осы сөз болсын есіңде.—
Өлуге онда мен дайын,
...Өлуге бірақ төсінде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кристель өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Кристель өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кристель өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кристель өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері