Аңыз – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Аңыз» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 644
(1776)

Қуғын монах жүрген қаңғып сап, құмда
Кездесіпті ешкіаяқ бір маймылға.
Фавн-маймыл сонда одан сұрапты:
«Көрсем деймін мен де рақат жұмақты,
Үй ішімді қосып мені дұғаңа,
Айтшы бізді көкке апар, деп хұдаңа».
Сонда әулие оған жауап қатыпты:
«Жоқ, мен үшін қауіпті бұл сұрағың,
Мен сен үшін дұға қылман, шырағым.
Кіре алмайсың жеті жәннат біріне,
Ешкіаяқ-ау, қарасайшы түріңе».
Деді Фавн, сөздің соңын тоспай-ақ:
«Жә, жарайды, мен болайын ешкіаяқ!
Жүр ғой жүр есекбастар талай мол,
Сол жұмаққа табады олар қалай жол?»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері