Фон Штейн Шарлоттаға – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Фон Штейн Шарлоттаға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 545
(1776)

Айқай, сенің соншама билігіңмен
Көрмекпіз сәнді келер игі күннен.
Сенбейміз махаббатқа, бақытқа да,
Біздерге жайнаса да бір бүйірден!
Уа, тағдыр, не үшін қатал дарынды
асқақ,
Ашамыз жүрек түбін жалаңаштап?
Білуге қайтып терең сырымызды,
Ғайбана перделерін жұлып тастап!
Аз ба жан түнектерде көп сандалған
Үмітсіз әм мақсатсыз жолда жалған,
Тағдырын болжай алмай сондай жандар,
Жүрегін ұқпай өзі көп алданған.
Селдіреп сәуле түссе әйнегінен,
Шаттықтың елесі деп ойнақ салған.
Біздерге ләзім емес парықсыздық
Жоқ бізге бірдей бақыт — бекер арман.
Медеу ме, үрей түстен шошып тұрып,
Бақытты түстей көрсек ояу жүріп
Біреудің сырын біреу ұға бермес,
Сүймес те арманыңды біреу біліп.
Бақытты ғой сенгендер түске ұшқыр.
Бақытты сол — болжаудан махрұм, құр.
Оның парқы ұнасар күндегімен,
Өткенге хош. келісер келер күнмен.
Ал бізге тағдыр нені тұр айқындап?
Айт, бізді байлап тұрған қандай жұмбақ?
Дариға, болған едің сен ертеде!—
Не қарындас, не жар — маған қымбат.
Жүрегімнің бар сырын білдің терең
Мінезімнің қырларын парықтап-ең.
Ұқтың — ұшқыр ойымды дарқан — өрен,
Салқындаттың қанымның сен ыстығын,
Дауылыма қайтардың тыныштығын,
Шат өмірге жүректі құлшындырдың.
Ақ періште қолыңмен гүл ұсындың.
Сыйқырлы, рақат шырмап, торда шалқып,
Күндерім өтті жылдам жырдай аңқып.
Есімде, қайран ләззәт сәтті шағым.
Аймалап аяғыңды жаттым балқып.
Сенің сол іңкәріңе берілгенде,
Жасарып, бальзамыңды жұттым емге.
Жүрегім сезіп жүрек лүпіліңді,
Көзімді көзің арбап, ұқтым мен де!
Енді не, еске түссе сол тәтті шақ,
Дариға, жүрегіміз кетер тулап.
Ақтығы жан лебінің еткенде ғой,
Бұл күнде — тек дерті ғой жүрген
шырмап.
Жүрміз ғой күйкі өмірмен екеуміз де
Мұң салар жарқын күн де кеудемізге
Айласы сұм тағдырдың
бақыт шіркін,
Жаңғыртып, жігер бермес енді бізге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фон Штейн Шарлоттаға өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Фон Штейн Шарлоттаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фон Штейн Шарлоттаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фон Штейн Шарлоттаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері