Арбалған қыз – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Арбалған қыз» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 571
(1794)

Күн батарда бейқам мен
Өттім құздың қасынан.
Сонда демон сырнаймен,
Тартты күйді шадыман —
Тек-ла-ла! Тра-лала!
Мендей қызды тез билеп,
Құшақтады, сүйді ол.
«Тартшы тағы!— дедім тек,
Қайта шертті күйді ол —
Тек-ла-ла! Тра-лала!
Содан бері жүрмін мен,
Құпия сырмен мұңайып.
Әлі де ән сап, гулеген.
Сол бір сырнай сыр жайып
Тек-ла-ла! Тра-лала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері