Бұл бетте «Сүйіктім дәйім жанымда» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(1795)
Қиялымда елестейсің дәйім.
Көрінсе.де сәуле тереңнен.
Қиялымда елестейсің, айым,
Жарқ етсе де өзеннен.
Көрем сені, аруақтар түнде,
Алса да мені қоршауға.
Көрем сені жүргенде.—
Қиясы тар зор тауда.
Естимін мен даусыңды сенің,
Теңіздің шулы үнімен.
Ой қысса да кеудемді менің,
Орманда тыныш мүлгіген.
Жанымдасың дәйім сен менің,
Қиялымда — елесің!
Күн сөнді, жұлдызым,
Енді қашан келесің?
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі