Май – Иоганн Вольфганг фон Гёте

Бұл бетте «Май» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.09.2021
  • 0
  • 0
  • 578
(1816)

Күміс бұлттар желбіреп,
Балқиды аспан демінен.
Сәулесі күннің елжіреп,
Өбеді будың селінен.
Топырағы майдай жағаны
Толқындар тамсап жалайды.
Шомылып шыққа сабағы
Шөп біткен суға қарайды,
Бойынан діріл тарайды.
Ұйыған ауа. тыныштық
Шайқалды неден жапырақ?
Махаббат тұнған тымырсық.
Шалғынның қойны жарқырап,
Көзіңнің жауын алады!
Қарашы: қандай жаңа таң!
Тіршілік құс боп барады.
Уыздан шыға балапан
Шиқылдап әнге салады,
Сұлулық құс боп тарады.
Шебер-ақ екен құс қолы,
Ұя да салды қысқасы.
Бар тіпті орындық, столы
Бейнебір ағаш ұстасы.
Күн батты, кетті мәні де
Елтимін мамыр күйіне,
Бөленіп құстар әніне.
Ғашығым келді үйіме.
Тіршілік бейне өрген құс.
Күнім мен түнім — көрген түс!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Май өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері