Бұл бетте «Цыган әні» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(1771)
Ағынды тұман, басқын қар,
Түнерген орман, түн ортасы болған кез,
Үуһілейді үкі жылал жырақта,
Ұлиды шулап қасқырлар.
Кейде: у-у-у!
Кейде: гу-гу-гу!
Уйт-уху!
Мылтығым кенет атылды:
Жады Аннаның өлді қара мысығы.
Келді ауылдың сосын жеті жадысы,
Көрдім жеті қатынды.
Сөзі: у-у-у!
Содан соң: гу-гу!
Уйт-уху!
Танимын, ішім біліп тұр:
Aннa, Урзель, Луиза мен Кэт те бар,
Варвара мен Марихен бар, Бэт те бар —
Басқышқа келіп ұлып тұр.
Кейде: у-у-у!
кейде: гу-гу-гу!
Уйт-уху!
Шақырдым атап оларды:
Не керек, Бэт? Неге келдің, Аннета?
Улап-шулап бәрі маған тап берді!
Түнекке сосын жоғалды. Алыста: у-у!
Тағы да: гу-гу! Уйт-уху!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі