Бұл бетте «Үйреттім бе жендеттерді» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(1814)
Үйреттім бе жендеттерді,
Айбалтамен шабысуға.
Төбелеске — тентектерді,
Жаушыларды — табысуға.
Балықшыға қармақ салып,
Ау тартуды үйреттім бе.
Тігіншіге оймақ тауып,
Іс тігуді үйреттім бе!
Сендер-дағы несіне енді.
Табиғатты күндейсіңдер.
Тал бесікте несібемді,
Өзі берген, білгейсіңдер!
Құрсаулаңдар, қымсынбаңдар,
Қайнаса күш бойларыңда.
Суреткердің ырқы заңғар
Тұрсын бірақ, ойларыңда.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі