Бұл бетте «Хатем:» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.09.2021
0
0
703
(1815)
Ұрлық тумас себептен,
Ұры ғой себеп өзі де.
Ұрлап алды жүректен,
Ләззәтімді сезді де.
Саған менің періштем,
Берді ғой сол олжасын.
Құлыңмын сенің қазір мен,
Мүсәпір енді болғайсың.
Мөлдір қара көзіңнен
Ыстық бір іңкәр сезілді.
Бақыт қой сол сезілген;
Үмітім сол қазіргі.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі