Қаймақ түсті су бетіне – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қаймақ түсті су бетіне» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 597
Қаймақ түсті су бетіне,
Қазан демі салқындап.
Күздің жанды суретіне
Құшақ аштым, аңқылдап!

Қайтып әлі үлгермеген
Тырналарды тыңдадым.
Нәзіктік қой -гүлдер деген!..
Таңға дейін жырладым!

Көңіліме саз қонғанын
Қаз-үйректен сезіндім.
Тәтті қыздың назданғанын
Ойлап, әрең көз ілдім.

Маxаббаттың тылсым әні
Күй-кештірді шала мас.
Қайран тағдыр!..
Күншуағы,
Қар..
Жаңбыры аралас!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаймақ түсті су бетіне өлеңінің авторы кім?

Мерей Қартов — осы өлеңнің авторы.

Қаймақ түсті су бетіне өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаймақ түсті су бетіне өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мерей Қартов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаймақ түсті су бетіне өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері