Жетім қозы
Бұл бетте «Жетім қозы» атты Ақылбек Манабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көп қозылар жатқанда енесіне жамырап,
Ол тұрады бір шетте өкси зарлап-маңырап.
Жаутаңдаған жанармен сүзіп шығып маңайды,
Жабырқайды, жан-жаққа жалтақ-жалтақ қарайды.
Емшек іздеп егіліп аралаумен көп қойды,
Емінсе де оны елеп, ешкім керек етпейді.
Одан әрі шарлауға төзімі де жетпейді.
Күдер үзіп, үн-түнсіз үйшігіне беттейді.
Шопан ана әкеліп бергеннен соң жылы сүт,
Ол ұйықтайды балбырап, барлығын да ұмытып.
Мейірімнің мәңгілік сөнбес оты дарыған,
Шіркін, адам, кіршіксіз жүрегіңе табынам.
Өшіруге өмірдің өгей сөзі – жетімді,
Құдіретің тек сенің жететұғын секілді...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі