Қаймақ түсті су бетіне – Мерей Қартов

Бұл бетте «Қаймақ түсті су бетіне» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 634
Қаймақ түсті су бетіне,
Қазан демі салқындап.
Күздің жанды суретіне
Құшақ аштым, аңқылдап!

Қайтып әлі үлгермеген
Тырналарды тыңдадым.
Нәзіктік қой -гүлдер деген!..
Таңға дейін жырладым!

Көңіліме саз қонғанын
Қаз-үйректен сезіндім.
Тәтті қыздың назданғанын
Ойлап, әрең көз ілдім.

Маxаббаттың тылсым әні
Күй-кештірді шала мас.
Қайран тағдыр!..
Күншуағы,
Қар..
Жаңбыры аралас!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері