Жан - мезгілі – Мерей Қартов

Бұл бетте «Жан - мезгілі» атты Мерей Қартов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.09.2021
  • 0
  • 0
  • 810
Жандүниемде ауысады мезгілдер,
Жабықсам- Қыс, жадырасам-Жаздаймын !
Сен жымисаң жауқазыным тез гүлдер,
Шарбы бұлттай ыдырайды аз қайғым.

Қабағымнан қар жауғыздым өткенде,
Күншуақты мінезіңмен еріттің.
Бір-ақ сәтте айналдырып Көктемге,
Көңіл ішін гүл жайнаттың көріктім.

Сейіл құрсақ түнемейтін баққа мұң,
Өткінші Күз жапырағын сан бастық.
Алыстасақ-ақ сезімнің xаттарын,
Кеудемізден құс ұшырып алмастық.

Жарқылдатсам жанарымның жай отын,
Нөсерлейді жүректегі ән-сезім!
Жазқұшақты жапырағын жаятын,
Жалғандағы- жалғызымсың, жансөзім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері