Бар деумен
Бұл бетте «Бар деумен» атты Айсұлу Рүстемова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бар деумен бас ұрмадым мынада асыл,
Әлденеге жатпадым кінәласып.
Көзің салғын біз жаққа, ей, Мәңгілік!
Жапырағы өлер тал құлағасын.
Қуаныштан көргенім құрау ғана.
Сый дегенім сый емес , сылау бала.
Қор болады жүрегім, лүпілі оның
Сағынатын жан таппай жылауға да.
Жалғыз-жалғыз жаратқан рабайда,
Көңіл, шіркін ,тасыса құламай ма?
Көзім шалды шындықты өлім бетті,
Күң қайда, Күні қайда,Күнә қайда?..
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі