Шешеме хат

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 705
Өмір бердің, бұрым бердің, бой бердің,
Жақсылармен бір жүрсін деп ой бердің.
Өрнек салып өтемін деп өлеңмен,
Түрлендіріп есін алдым сөйлемнің,

Балалығым үстінде өтті көк шалғын,
Шеше сенің төркініңді еске алдым.
Жердің бəрі сол мекендей ұжмақ,
Өмір деген өлең екен деп қалдым...

Найзағайды күнде көрдім көк тілген,
Атам айтқан өлең тауға естілген.
Іңірдегі сыбызғы үнін көп тыңдап,
Сағынышпен құрдас болып кеттім мен.

Бөрі ұлып шырқын алса кей түннің,
Күндіз ойын.
Бара алмаймын дейтінмін.
Жотамдағы білектейін бұрымнан,
Жүгіргенде оңбай таяқ жейтінмін...

Сағына ма екен қызын ұзатқан,
Апам менің қалғанымды ұнатқан.
Ағаш шелек дəмі сіңген тау суын,
Күнде тасып əкелетін бұлақтан.

Туған жердің қайыңына сыңармын,
Сол мекенді бір көруге құмармын.
Қанымдағы сол бұлақтың тамшысы,
Таусылғанша жыр жазатын шығармын....


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шешеме хат өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Шешеме хат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Шешеме хат өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шешеме хат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері