Өлең, жыр, ақындар

Өзіңе тән гүл едім

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 566
Өзіңе тән гүл едім қырда күлген,
Тұлпар мініп жан болсаң мырза жүрген.
Қос дауыспен шырқайық аспандатып,
Мен бір әннің сөзі едім, ырғағым ең.

Қуаныштан бөркіңді аспанға атып,
Қайырмасын шырқай түс аспандатып.
Өзің жоқта сол әнді жалғыз айтып,
Сағыныштан отырам жас парлатып.

Күйді кеудем қойғандай жалын жұтып,
Түсіне алмас өзгелер халімді түк,
Осы әнді екеуміз шырқағандай,
Айта алмайды басқа ешкім тамылжытып.

Сол баяғы өз сертім, өз реңім,
Таусылмайтын сен үшін төзім едім.
Сыңғырлаған сұп-сұлу сезім едің,
Не боларын білмеймін кезігер күн…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері