Алыста сенің тұрағың – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алыста сенің тұрағың» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1245
Алыста сенің тұрағың,
Көрмедем, қалқам, көп айлар.
Жайқалтып жасыл құрағын,
Жапырақ жайды тоғайлар.
Бақшаға барсаң бірауық,
Қадалар, сірә, көп көздер.
Кейінің көңлі шын ауып,
Айтылар, мүмкін, от сөздер.
Табиғат заңы ол да бір,
Қадалса көздер, несі бар?
Сағынған сені сонда бір,
Сәулешім, мені есіңе ал.
Қадалған жанға көз ілмей,
Қадала бермей, қал, деші.
Оқуда жүрген өзіңдей
Аңсаған жарым бар деші.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері