Мойындау
Бұл бетте «Мойындау» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылдар жылжып, дүние жаңарғанмен,
Сырласамын сен жайлы самал желмен.
Уайымы жоқ жандай көрінсең де,
Қиынырақ құтылу саған меннен.
Кездеспеймін көңілім қаласа да,
Сезім ғажап бөлейтін тамашаға.
Ұнатқаным жүрекпен аз болғандай,
Қалай ғана жолығам оңашада.
Бақшасынан бақыттың мекен іздеп,
Қол ұстасып өмірден өтеміз деп.
Маған ақыл айтпаққа ту алыстан,
Өкінішті келгенсің бекер іздеп.
Ұмыт болар жаз жылжып күз өткенде,
Деген едім байландым тізбектерге.
Соның бәрін мойындау оңай деп пе ең,
Өтінемін мазалап іздеп келме!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі