Саған қайта айланып келем бе шын
Бұл бетте «Саған қайта айланып келем бе шын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Саған қайта айланып келем бе шын,
Жылдар жылжып дүние көнергесін.
Құзар шыңнан құлдилау қиын боп тұр,
Биікте емес үйткені төмендесің.
Тіл табысып қашан бір үйлесіп ем,
Елесіңді құр босқа сүйретіп ем.
Жүрек естен тандырды сені қалап,
Шоқпар тиген батырдай шүйдесінен.
Боз балалар шоғыры былай қалып,
Келдім ақыр күн ойлап, түн ойланып,
Өз көзіңе сенуге тура келер,
Ұшып жүрмін төбеңнен шыр айланып.
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі