Бұл бетте «Мен сені сағынамын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мен сені сағынамын,
Қызметшің болуға жаралғандай,
Тоты келіп қасыңа таранғандай.
Қабағыңа қарап ап елп етемін,
Одан өзге ешқандай шарам қалмай.
Мен сені еркелетем,
Жұлдыз біткен сенімен санасқандай,
Жақсы біткен жаныңа жанасқандай.
Көкірегіңді бір көріп қайту үшін,
Бар оттегі кезекке таласқандай.
Өмір дейтін өткелдерде,
Не болады мен сені жек көргенде,
Көргім келмей өзіңе кектенгенде.
Жүрегімді жатса да жалын қақтап,
Бәрі – бәрін жасырып шектелгенде.
Сенделем неше күнге,
Кетіп қалам ойлардың жетегінде.
Жұмысым жоқ өмірдің есебінде,
Барғым келсе аз күнге жібере сал,
Өлең дейтін сұлулық мекеніне!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі