Қыз күбірі – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қыз күбірі» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 682
Бір сұлуды құшқың келіп достарыңмен ішкенде,
Талғамыңнан айырылып шарап буға түскенде.
Біреуінің саусағынан, біреуінің белінен…
Келгендей-ақ сөз бастарсың ғашықтардың елінен.

Бір биікке мені қойып алғаннан соң жүрегің,
Ешқайсысы ұмыттыра алмайтынын білемін…

Түнде ештеңе болмағандай, тағы шарап ішесің,
Бітпейтұғын сағыныштың сүрлеуіне түсесің.
Аялдайтын не қалды енді, кете берем биіктеп,
Әрбір тұстан көздеріңе көрінемін күйік боп.
Жеткізбейтін жерде емессің, болмайды екем мен де алаң,
Алқам-салқам күйі бір күн жолығарсың сен маған…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз күбірі өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қыз күбірі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз күбірі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз күбірі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері