Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 553
Кезді аңсаймын ғажайып бір күйге енген,
Сенсіз ғұмыр кешуге де үйренгем.
Табанымда жатқан кірпіш баспалдақ,
Сағыныштың тамшысына иленген.

Арбаса да жерде теңіз, көкте күн,
Таңдағаным жалғыз сенің өткелің.
Әлем-жәлем жырдан жасау жасап ап,
Жүрегіңе ұзатылып кеткемін.

Жүрегіңде….
Ал қасыңда жоқпын мен,
Еш кемі жоқ, сендей азап шектім мен.
Нем бар еді жүрегіңде қонақтап,
Күндіз-түні тербелумен өттім мен…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері