Үнсіз бағып – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Үнсіз бағып» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2201
Ерте сүргін, Күн сүргін, кеші сүргін.
Басы жасыл болғанда , төсі күлгін.
Көрдім деп айта көрме, жалған, жалған.
Алдамшы ғұмырыңның несін сүрдім.
Сүйген жоқпын, өтірік күлтеленем.
Сүйейді, көзім жасын сүртеді емен.
Үнсіз бағып отырам жүрісіңді.
Үндесем ұшып кетеді үркек өлең.
Керегі не дедің бе гүлге тілдің?
Күлтілдеп несіне тіл күрметілдің?
Қайдан келдім, білместен қайда барам,
Сол сүргіннің ішінде сүйретілдім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері