Сөйлеттірдің – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сөйлеттірдің» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 540
Тамсанып қайың қыздың сырғасына,
Көз салып тауларымның сұлбасына.
Кеткенмін табиғатпен біте қайнап,
Жетеді жұмбақтығым бір басыма.

Жанымды нәзік менің ұғармысың?
Қасымда мұңға батсам тұрармысың?
Сәттерді мен өртенген көре қалсаң,
Сол өрттің азабына шыдармысың?

Қиырға сетер сезім алып ұшқан,
Қорқамын кеудемдегі жарылыстан.
Кеткенмін нуға айланып қуаныштан,
Кеткенмін құмға айланып сағыныштан.

Ұшып ем Қанас пенен Үліңгірден,
Жұртымды тәнті етіп құлын жырмен.
Сен қалай жүрегімді сөйлеттірдің,
Құстардың Сүлейменше тілін білген?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері